ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің 2026 жылға арналған бағдарлық баяндамасында жасанды интеллект пен цифрлық даму дәуіріндегі діни қызметті жетілдірудің маңыздылығы атап өтілген. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде ақпараттық экран орнатылды.
Экранда бес уақыт намаз кестесі, ресми діни сайттарға бағыттайтын QR-кодтар, намаз оқуды және Құран оқуды үйренуге арналған сілтемелер орналастырылған. Сонымен қатар мешіттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына өтуге мүмкіндік беретін QR-кодтар да көрсетілген.
Жаңа ақпараттық жүйе жамағатқа қажетті діни мәліметтерді жылдам алуға, намаз бен Құран оқуды үйренуге арналған сенімді дереккөздерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Аталған бастама мешіт қызметін заманауи талаптарға сай жетілдіруге, цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға және діни-ағартушылық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы