«Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде «Ақ жаулықты әжелер – өнегенің өрнегі» тақырыбында шеберлік байқауы өтті.
Тағылымды шараның негізгі мақсаты – ұлт тәрбиесінің алтын арқауына айналған салт-дәстүрді дәріптеу, ақ жаулықты әжелердің өнегелі өмір жолын үлгі ету және кейінгі ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Шара барысында мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы сөз сөйлеп, қазақ қоғамындағы қазыналы қариялар мен ақ жаулықты аналардың алар орнына тоқталды. Имам өз сөзінде үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, отбасылық тәрбие мен ұлттық дәстүрді дәріптеудің маңызын айтып, дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайында тағылымды насихат айтты.
Шеберлік байқауы барысында әжелеріміз ұлттық қолөнер мен салт-дәстүрге қатысты өз шеберліктерін ортаға салып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұраларды дәріптеді. Қатысушылардың өнері мен шеберлігіне жоғары баға беріліп, байқау мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтті.
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген халқымыздың қанатты сөзі шараның өн бойынан көрініс тапты. Ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.
Тағылымды басқосу ұлттық құндылықтарды ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісін танытты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы