Center Image
IHSAN.KZ
Діни және қоғам өкілдерінің отбасылық әл-ауқатты нығайтудағы рөлі талқыланды
Діни және қоғам өкілдерінің отбасылық әл-ауқатты нығайтудағы рөлі талқыланды

Қарағанды облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызы іссапармен Түркістан қаласына барып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды семинарға қатысты.

Түркістан қаласында өткен «Отбасылық әл-ауқатты нығайту жөніндегі ұлттық диалог: тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және ведомствоаралық ден қою жүйесіндегі діни және қоғам өкілдерінің рөлі» атты семинарда отбасы институтын нығайту, тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ осы бағыттағы діни және қоғам өкілдерінің жауапкершілігі кеңінен талқыланды.

Іс-шара барысында отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері қозғалды.

Семинарға қатысу барысында Әйгерім Берікболқызы тәжірибе алмасып, өзара пікір алмасу алаңында Қарағанды облысында әйел-қыздармен жүргізіліп жатқан рухани-ағартушылық жұмыстардың маңызына тоқталды.

Мұндай басқосулар діни және қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара байланысты нығайтып, отбасы құндылықтарын дәріптеу мен қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталған бірлескен жұмыстарды жетілдіруге мүмкіндік береді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz