Осакаров аудандық мешітінде ұстаз Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен Қарттар күніне орай мешіттің ақ жаулықты әжелеріне арнайы құрмет көрсетілді.
Ізгі шара барысында ақ жаулықты әжелерге арналып дастархан жайылып, сый-сияпаттар табысталды. Ұлағатты жандарға жылы лебіздер айтылып, олардың отбасындағы және қоғамдағы орны мен өнегелі тәрбиесі дәріптелді.
Іс-шара барысында әжелер ақ баталарын беріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы