Саран қалалық мешітінде ұстаз Әмина Алмасқызының ұйымдастыруымен Қарттар күніне орай ақжаулықты әжелерге арналған тағылымды әрі көңілге жылу сыйлаған кездесу өтті.
Кеш барысында әжелерге арнайы киіз басу өнерінен шеберлік сағаты ұйымдастырылып, ұлттық өнеріміздің ұмыт болып бара жатқан құндылықтары жаңғыртылды.
Ақжаулықты әжелеріміз өз қолдарымен киіз басып, бір-бірімен әңгіме-дүкен құрып, әдемі көңіл күймен уақыт өткізді. Әр әжеге ерекше ықылас пен құрмет көрсетіліп, ақ дастархан жайылды.
Бұл — жай ғана шеберлік сағаты емес, әжелерімізге көңіл бөліп, батасын алып, бірге уақыт өткізудің әдемі бір сәті болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы