«Дархан дала» отандық туризмді насихаттау бағыты аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұжымы қазақтың көрнекті ойшылы, ақын, ғалым әрі діни-ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұражайы мен кесенесін зиярат етті.
Сапар барысында мешіт ұжымы бабаның өмірі мен шығармашылығына арналған мұражайдағы құнды жәдігерлермен танысып, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ел руханияты мен ұлттық мәдениетке қосқан мол мұрасы жайында мағлұмат алды. Мұражайда сақталған бабаның жеке заттары мен тарихи жәдігерлері таныстырылып, оның өнегелі өмір жолы мен ғылыми-рухани мұрасы кеңінен баяндалды.
Зиярат барысында бабаның кесенесінде арнайы Құран оқылып, ел-жұрттың амандығы мен береке-бірлігі үшін дұға жасалды.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасын насихаттау – өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи тұлғалардың тағылымды өмірін танытудың маңызды жолы.
«Дархан дала» бағыты аясындағы мұндай рухани-танымдық сапарлар отандық туризмді дамытуға, тарихи-мәдени орындарға деген қызығушылықты арттыруға және бабалар мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы