Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Үміткер ауылында «Құсайын қожа» мешітінің ашылу рәсімі өтті.
Игі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы, аймақтың құрметті азаматтары, ауыл ақсақалдары, дін жанашырлары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Құлшылық ордасының ашылу рәсімінде Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы сөз сөйлеп:
«Аллаға шүкір, Қарағанды облысында мешіттеріміздің қатары артып келеді. Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысып, игі іске ұйытқы болған барша азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді.
Сонымен қатар облыстың бас имамы мешіт құрылысының жүргізілуіне атсалысып, игі істің басы-қасында болған аймақ тұрғындарына, дін жанашырлары мен демеушілерге алғыс білдіріп, арнайы алғыс хаттар табыстады.
Жаңа мешіт бір мезетте 200 адамға дейін құлшылық жасауға мүмкіндік береді. Құлшылық ордасында ерлерге арналған намазхана, дәретхана және имам бөлмесі қарастырылған.
Бір күмбезді, бір мұнаралы мешіттің жанынан 200 адамға арналған асхана да бой көтерген.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы