Center Image
IHSAN.KZ
«Қарттарым – асыл қазынам»: Ақадырда әжелерге құрмет көрсетілді
«Қарттарым – асыл қазынам»: Ақадырда әжелерге құрмет көрсетілді

Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Алия Рахманқызының ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты тағылымды іс-шара өтті.

Шара барысында ардақты әжелерге құрмет көрсетіліп, мерекелерімен құттықталды. Қонақтарға арнайы дастархан жайылып, сый-сияпаттар табысталды.

Кеш барысында мешіт шәкірттері де өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, Гүлмаржан есімді шәкірт «Ана» әнін орындаса, Жаннұр есімді шәкірт «Қарияларға арнау» атты өлең жолдарын оқып, әжелерге жылы лебіздерін жеткізді.

Іс-шара соңында ақ жаулықты әжелер жастарға ақ баталарын беріп, өмірлік тәжірибелерінен өнеге айтып, ақыл-кеңестерін жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz