Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» жобасы аясында мұсылман зираттарында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара мешіт имамдары Әбілхайыр Кәсенұлы мен Байкешов Нұрғалидың ұйытқы болуымен, жамағаттың қатысуымен өтті. Қатысушылар зират аумағын тазалау жұмыстарына атсалысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Аталған шараның мақсаты – зираттардың тазалығын қамтамасыз етуге үлес қосу, марқұмдарға құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру және қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыру.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті игі бастамаға қолдау білдіріп, тазалық жұмыстарына қатысқан барша азаматтарға алғыс білдіреді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы