Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінің имамы қарттар үйін зиярат етті
«Бала қажы» мешітінің имамы қарттар үйін зиярат етті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмұд қажы  Нұрұлы қарттар үйіне арнайы барып, ондағы қариялармен жүздесті.

Кездесу барысында мешіт имамы қариялардың жағдайын сұрап, мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. Сонымен қатар үлкенді сыйлау, қариялардың өмірлік тәжірибесін қадірлеу және оларға қамқорлық танытудың маңызы сөз болды.

Қазақ халқы қашанда ақсақалдың батасын, ақ жаулықты әженің ақ тілегін ардақтап, үлкенге құрмет көрсетуді ұрпақ тәрбиесінің негізі санаған. Осы ретте Махмуд қажы қариялардан елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тілеп, ақ баталарын алды.

Өз кезегінде қариялар мешіт имамына ризашылықтарын білдіріп, игі тілектерін арнап, баталарын берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz