Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде мешіт жамағатына арналған «Уақып – сарқылмас қазына» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Тағылымды шара мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен өтті. Семинар барысында уақыптың ислам дініндегі орны мен маңызы, оның қоғамның әлеуметтік және рухани дамуына қосар үлесі кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар уақыптың тарихи қалыптасуы, қайырымдылық мәдениетін дамытудағы рөлі және сауапты істің жалғасуына ықпалы жөнінде насихат айтылды. Қатысушыларға уақыптың түрлері мен жүзеге асу жолдары түсіндіріліп, тақырып аясында пайдалы мәліметтер берілді.
Семинар соңында жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Шараның негізгі мақсаты – жамағат арасында уақып мәдениетін кеңінен насихаттап, қайырымдылыққа деген ынтаны арттыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы