Ақтоғай ауданына қарасты Нұркен ауылында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай тағылымды шара ұйымдастырылды.
Іс-шараны ауыл молдасы Изатов Жүніс Әбділдаұлы ұйымдастырып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Қазыналы қарияларға арнайы ақ дастархан жайылып, ізгі ниетпен құрмет көрсетілді.
Жиын барысында үлкенді сыйлау, қарияларды құрметтеу, кейінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жөнінде насихат айтылды. Қарияларға деніне саулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр тілеп, ақ баталары алынды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы