«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінің аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік жұмысын мешіт имамы Мирас Ерланұлы ұйымдастырып, мешіт ауласын абаттандыру және тазарту жұмыстарына жамағат өкілдері қатысты.
Тазалық барысында мешіт аумағы күл-қоқыстан тазартылып, арнайы техникалар жұмылдырылды. Жиналған қоқыстар белгіленген орындарға шығарылып, мешіт ауласы ретке келтірілді.
Игі бастама қоршаған ортаны таза ұстауға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы