Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті мен Саран қалалық мешітінің жамағаты футболдан жолдастық кездесу өткізді. Қос мешіттің діни қызметкерлері де қатысқан спорттық шара жамағаттың басын қосып, бауырмалдық байланысты нығайтуға ұйытқы болды.
Алаңдағы жүздесу қатысушыларға сергектік сыйлап, бірлік пен өзара қолдаудың маңызын сезінуге мүмкіндік берді. Бір мақсатқа жұмылған командалар ойын барысында ұйымшылдық танытып, спортқа тән жігер мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Кездесудің басты құндылығы – ортақ қуаныш пен нығая түскен достық байланыс.
Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мұндай шаралар жамағат арасындағы сыйластықты арттырып, жастарға уақытты пайдалы өткізудің өнегесін ұсынады. Діни қызметкерлердің жамағатпен бірге алаңға шығуы да көпшілікті белсенділікке, ауызбіршілікке үндейтін жақсы үлгі болды.
Ізгі ниетпен ұйымдастырылған жолдастық кездесу қос мешіт жамағатының ынтымағын бекемдеп, бауырмалдықтың жарқын көрінісіне айналды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы