«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіт аумағын абаттандыру және көгалдандыру бағытында бірқатар игі жұмыстар атқарылып, жыл бойы жалпы 50 түп шырша көшеті отырғызылды.
Көгалдандыру жұмыстарына мешіттің дін қызметкерлері, жамағат өкілдері мен шәкірттері белсене қатысып, мешіт аумағын көркейтуге өз үлестерін қосты. Қатысушылар көшеттерді арнайы орындарға отырғызып, олардың дұрыс күтім жасалуына да көңіл бөлді.
Аталған игі бастама қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және туған өлкенің көркеюіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай шаралар мешіт аумағының тазалығы мен көркін арттырып қана қоймай, жамағат пен жастарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы