Center Image
IHSAN.KZ
ҚАЗЫБЕК БИ МЕШІТІНДЕ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ӨМІРБАЯНЫНА АРНАЛҒАН САЙЫС ӨТТІ
ҚАЗЫБЕК БИ МЕШІТІНДЕ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ӨМІРБАЯНЫНА АРНАЛҒАН САЙЫС ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне жамағат арасында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянына арналған танымдық сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жамағат арасында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін кеңінен насихаттау, оның көркем мінезі мен ғибратты жолын таныту, сондай-ақ діни білімге деген қызығушылықты арттыру.

Сайыс барысында қатысушыларға Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолы, сахабалары, өнегелі қасиеттері мен ислам тарихына қатысты сұрақтар қойылып, білімдері сараланды.

Танымдық сайысқа белсенді қатысқан жамағат мүшелеріне арнайы марапаттар табысталып, естелік сыйлықтар берілді.

Шара соңында мешіт ұжымы қатысушыларға алғысын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz