«Қамқор Шарапат салттық қызмет көрсету» бағыты аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы жамағатқа «Кебін пішу және мәйітті кебіндеу» тақырыбында түсіндірме-практикалық дәріс өткізді.
Дәріс барысында кебіннің түрлері, оны пішу тәртібі, қажетті өлшемдері және мәйітті кебіндеудің шариғат талаптарына сәйкес орындалу жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар кебін пішу және мәйітті кебіндеу рәсімдері іс жүзінде көрсетіліп, қатысушыларға әрбір амалдың орындалу тәртібі практикалық тұрғыда таныстырылды.
Іс-шараның мақсаты – жамағатқа мәйітті ақтық сапарға шығарып салуға қатысты діни талаптарды түсіндіру, кебін дайындау мен кебіндеу тәртібін үйрету және осы бағыттағы діни білімдерін арттыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы