Center Image
IHSAN.KZ
Ақтоғайда «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді
Ақтоғайда «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді

Ақтоғай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен тұрғындар арасында «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Іс-шара барысында нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы айтылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар тұрғындарға зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған ақпараттық брошюралар таратылды.

Мұндай түсіндіру жұмыстары жастарды және тұрғындарды жат әдеттерден аулақ болуға, уақытын пайдалы іске жұмсауға шақырады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz