Қарқаралы ауданына қарасты Теректі ауылдық мешітінде жамағатқа «Дін мен дәстүр – сабақтастығы» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтылды.
Мешіт имамы Мұқан Тұңғат дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығына тоқталып, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерінің Ислам құндылықтарымен үндесетін тұстарын кеңінен түсіндірді.
Уағыз барысында ата-бабадан аманат болып жеткен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, ағайын арасындағы бірлікті сақтау және отбасылық тәрбиенің маңызы жөнінде айтылды.
Сонымен қатар жамағатты ұлттық дәстүрді дәріптей отырып, асыл дініміздің құндылықтарын берік ұстануға шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы