Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітіне кілем жуғыш аппарат уақып етілді
«Қазыбек би» мешітіне кілем жуғыш аппарат уақып етілді

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің игілігіне жоғары қысымды кілем жуғыш аппарат уақып етілді.

Мешіттің тазалығы мен көркеюіне бағытталған бұл игі бастама жамағатқа қолайлы жағдай жасауға және мешіттің шаруашылық жұмыстарына өз септігін тигізбек.

Осы орайда мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы қайырымды іске атсалысқан жамағатқа ризашылығын білдіріп, уақыптың маңыздылығы жөнінде насихат айтты. Сондай-ақ мешіт игілігіне жасалған әрбір қайырымды істің сауабы мол екеніне тоқталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz