Center Image
IHSAN.KZ
Үштөбеде «Үмметін сүйген, үмметі сүйген Пайғамбар» атты Мәуліт кеші өтті
Үштөбеде «Үмметін сүйген, үмметі сүйген Пайғамбар» атты Мәуліт кеші өтті
Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйхи уә сәлләм) туған айына орай «Үмметін сүйген, үмметі сүйген Пайғамбар» атты Мәуліт кеші болып өтті.

Игі шараның шымылдығы қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылды. Бұдан соң алғашқы сөзді бас имам Нығыман Жандос Мәуліт айының маңыздылығы мен Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмір жолы туралы тағылымды насихат айтып, көпшілікке ізгі тілегін білдірді.

Кеш барысында Пайғамбарымызға (с.а.у.) арналып  Мәуліт жыры оқылып, салауаттар айтылды. Рухани шараның ерекшелігі – сүннет пен ұлттық дәстүрді байланыстыра отырып ұйымдастырылды. 

Рухани кеште мешіт ұстаздары Гүлнұр Қаныбекқызы , Әшім Кәусар ұстаз және Қазыбек би мешітінің ұстазы Салтанат Ақым ұстаз хадис шарифтер төңірегінде терең мағыналы уағыз-насихаттарын айтты. 

Жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүйікті тағамдарынан арнайы дастархан жайылып, әзірленген ас-сулардың пайдасы мен тарихы туралы мәліметтер берілді. Шара соңында ауыл ақжаулықты апалары ақ батасын беріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz