Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында тағылымды дәріс өтті.
Дәріс барысында нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді. Ұстаз нашақорлықтың адамды рухани әрі әлеуметтік тұрғыдан әлсіретіп, болашағына кері әсер ететін қауіпті әдет екенін айтып, жастарды зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Сонымен қатар, жиында уақытты тиімді пайдалану, жақсы орта қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану және имандылық құндылықтарды берік ұстанудың маңызы сөз болды.
Жиын соңында жамағатқа есірткі және өзге де зиянды әдеттердің алдын алу, жақындарына қолдау көрсету, сондай-ақ қоғам саулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде насихат айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы