Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінде «Мин әдәбил-Ислам» кітабы негізінде дәріс басталды
«Әл-Машани» мешітінде «Мин әдәбил-Ислам» кітабы негізінде дәріс басталды

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы шәкірттерге көрнекті ғалым, хадис және ислам ғылымдарының білгірі Абдул-Фаттах Әбу Ғудданың «Мин әдәбил-Ислам» атты еңбегі бойынша дәріс бастады.

Дәріс барысында ислам дініндегі әдеп ұғымының маңызы, білім алушының ұстазға, ата-анаға, үлкенге және айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасы, сондай-ақ ілім жолындағы жауапкершілік пен ізгі мінез мәселелері кеңінен түсіндіріледі.

«Ілім адамды биіктетсе, әдеп сол ілімді көркем етеді» деген қағиданы негізге алған сабақтар шәкірттердің тек діни білімін арттыруды ғана емес, олардың көркем мінез бен жоғары әдепті бойына сіңіруін мақсат етеді.

Ұстаз дәріс барысында кітапта қамтылған тағылымды мысалдар мен ғалымдардың өнегелі сөздерін түсіндіріп, шәкірттерді алған білімін амалмен ұштастыруға, ізденіс пен әдепті қатар алып жүруге шақырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz