Center Image
IHSAN.KZ
«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАРҒА АДАЛДЫҚ ЖАЙЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ
«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАРҒА АДАЛДЫҚ ЖАЙЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ
Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында «Адал ас, адал еңбек, адал қоғам – рухани байлықтың негізі» тақырыбында насихат айтылды.

Кездесу барысында адал еңбектің адам өміріндегі орны, кәсіпті адал жолмен жүргізудің маңызы және қоғамның дамуына әр азаматтың жауапкершілігі туралы кеңінен сөз қозғалды. Жастарға қандай мамандық иесі болса да, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, еңбегін маңдай термен атқарып, адалдықты өмірлік ұстаным ету қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар адал кәсіптің берекесі, еңбекпен келген ризықтың қадірі және қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершіліктің маңызы жөнінде тағылымды мысалдар келтірілді.
Жиын соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы пікірлерімен бөлісті. Мешітте ұйымдастырылған мұндай рухани кездесулер өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа, адалдыққа және қоғамға пайдалы азамат болуға үндейді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz