Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік ұйымдастырылды
Теміртауда Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік ұйымдастырылды

Дүниежүзілік тазалық күніне орай Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мешіт ауласы мен айналасы тазаланып, қоршаған ортаны көркейту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, мешіт аумағына түрлі көшеттер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке мешіт қызметкерлері мен жамағат өкілдері қатысып, тазалықты сақтау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және мешіт аумағын көркейтуге өз үлестерін қосты.

Тазалық жұмыстарының негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау арқылы қоғам мүшелерін ұқыптылыққа, жауапкершілікке және табиғатты аялауға үндей отырып, тазалықтың адам өміріндегі маңызын насихаттау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz