Center Image
IHSAN.KZ
«Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» атты насихат айтылды
«Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» атты насихат айтылды

Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінде «Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтылды.

Мешіт имамы Ербол Мұқанұлы уағыз барысында ислам дініндегі отбасы құндылықтарының маңызына тоқталып, берекелі шаңырақтың негізі өзара сыйластық, түсіністік, жауапкершілік пен адалдыққа құрылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар арасындағы татулық, ата-анаға құрмет, бала тәрбиесі және отбасы мүшелерінің бір-біріне деген мейірімі жайында тағылымды ойлар айтылды. Имам отбасы берекесі қоғамның тұрақтылығы мен рухани дамуына тікелей әсер ететінін жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz