Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы жамағатқа «Адал ас, адал еңбек, адал қоғам – рухани байлықтың негізі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында мешіт имамы адал еңбектің адам өміріндегі маңызы, адал кәсіппен нәпақа табу және адал ас ішудің берекесі жайында кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ қоғамдағы өзара жауапкершілік, еңбекқорлық, адалдық пен адамгершілік құндылықтарды берік ұстанудың маңызы сөз болды.
Имам өз сөзінде мұсылман баласының әрбір ісінде адалдықты негіз етіп, отбасына, қоғамға және айналасына пайдасын тигізуге ұмтылуы қажет екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы