Center Image
IHSAN.KZ
«БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ-АДАЛ ҚОҒАМ НЕГІЗІ» АТТЫ РУХАНИ ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ
«БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ-АДАЛ ҚОҒАМ НЕГІЗІ» АТТЫ РУХАНИ ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ
ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешітінде “Берекелі шаңырақ - адал қоғам негізі” атты жас отбасыларға арналган рухани - танымдық іс- шара ұйымдастырылды.

Семинарға жас шаңырақ көтерген отау иелері, жастар қауымы мен қыз-келіншектер қатысты.

Шара барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы отбасы құндылықтары тақырыбында насихат айтып, берекелі шаңырақтың негізі өзара түсіністік, сабыр, мейірім мен жауапкершілікте екенін атап өтті. 

Сондай-ақ жастарға отбасын сақтаудың, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараудың және ұлттық тәрбиені дәріптеудің маңызы түсіндірілді.

Рухани шара барысында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де дәріптелді. Дін мен дәстүр сабақтастығын айшықтау мақсатында сәбиге азан шақырып, есім қою рәсімі жасалып, ақсақалдардың батасы берілді. Сонымен қатар қазақ халқының тәрбиелік мәні зор «тұсаукесер» рәсімі ұйымдастырылып, бүлдіршіннің алғашқы қадамына ақ жол тілектер айтылды.

Семинар соңында жас отау иелеріне арнайы сыйлықтар тарту етіліп, қариялар ақ батасын берді. Қатысушыларға отбасы татулығын нығайтуға, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды ойлар айтылып, ізгі тілектер білдірілді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz