Center Image
IHSAN.KZ
ШАХТИНСК: «ТАЗАЛЫҚ – ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ШАХТИНСК: «ТАЗАЛЫҚ – ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Тазалық – иманның жартысы» жобасы аясында мешіт аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Игі іс-шараға мешіт жамағаты белсене атсалысып, мешіт ауласын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіру жұмыстарына жұмыла үлес қосты.

Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға үндеп, жамағат арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық орындарды таза ұстаудың маңызын насихаттау.

Ислам дінінде тазалыққа ерекше мән берілген. Осындай игі бастамалар арқылы мешіт жамағаты тазалықты сақтаудың тек жеке адам үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін маңызды екенін іс жүзінде көрсетті.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz