Қарағанды облысы, Абай аудандық орталық мешітінде жастардың рухани санасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамдағы зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Нашақорлық – құрдымға бастар жол» тақырыбында тағылымды насихат айтылды.
Шара барысында нашақорлықтың адам өміріне тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді. Арнайы бүктемелер таратылды. Дінімізде адам денсаулығы мен өмірінің аманаты ерекше маңызға ие екені айтылып, есірткіге тәуелділіктің жеке адамға ғана емес, оның отбасына және тұтас қоғамға тигізетін зияны жөнінде насихат жүргізілді.
Сонымен қатар жастарға бос уақытты тиімді пайдалану, жақсы орта қалыптастыру, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Жастарға нашақорлықтың соңы тәуелділікке, отбасы берекесінің бұзылуына және түрлі әлеуметтік мәселелерге алып келуі мүмкін екені ескертілді.
Шара соңында қатысушыларға нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық парақшалар таратылып, жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және қоғамға пайдалы азамат болуға шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы