Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде «Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» тақырыбында жас отбасыларға арналған рухани-тағылымдық кездесу өтті.
Жиынды мешіт имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы жүргізді. Ол отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен жауапкершілік, бала тәрбиесі және шаңырақ берекесін сақтау мәселелеріне тоқталды.
Басқосу барысында берік отбасының қоғамдағы маңызды рөлі атап өтіліп, өзара түсіністік, сабыр, кешірімділік пен мейірімділіктің мәні түсіндірілді. Сонымен қатар жас отбасыларға ұлттық және діни құндылықтарды сабақтастыра отырып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды.
Кездесудің мақсаты – жас отбасылардың рухани сауатын арттыру, отбасы институтын нығайту, шаңырақтағы татулық пен жауапкершілікті дәріптеу және адал қоғам қалыптастыруға үлес қосу.
Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, отбасылық өмірге қатысты пайдалы кеңестер алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы