Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде молдаван ұлтының өкілі, азаматша өз қалауымен Ислам дінін қабылдап, мұсылман болды.
Діни рәсімді мешіт азаншысы Байкешев Нұрғали Берікқұлұлы жүргізді. Ол азаматшаға Ислам дінінің негізгі қағидалары, иман шарттары мен мұсылманның міндеттері жайында түсіндіріп, кәлима шәһадатты айтқызды.
Сондай-ақ, Ислам дінін қабылдаған азаматшаға дінді дұрыс үйренудің, діни білімді сенімді әрі білікті мамандардан алудың маңыздылығы түсіндіріліп, алдағы уақытта құлшылықтарын үйренуіне бағыт-бағдар берілді.
Мешіт қызметкерлері жаңа мұсылман болған азаматшаға ақ тілектерін білдіріп, бұл қадамына ізгі ниеттерін жеткізді.
Алла Тағала жаңа мұсылман бауырымыздың қадамын қайырлы етіп, иманын берік, ғұмырын берекелі етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы