Center Image
IHSAN.KZ
Теміртау мешітінде отбасы берекесі жайлы насихат айтылды
Теміртау мешітінде отбасы берекесі жайлы насихат айтылды

Қарағанды облысы, Теміртау орталық “Әлихан Бөкейхан” мешітінің наиб имамы Тоқтамысов Нұрмұханбет Махмутұлы жамағатқа  «Берекелі шаңырақ — адал қоғам негізі» атты насихат айтты.

Отбасы — қоғамның берік негізі, ұлттың рухани тұтастығы мен ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі. Осы орайда шараның негізгі мақсаты — отбасы құндылықтарын насихаттау, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру, бала тәрбиесі мен ұрпақ амандығының маңызын түсіндіру.

Іс-шара барысында отбасындағы сүйіспеншілік, сабыр, кешірім, өзара құрмет пен жауапкершілік, сондай-ақ бала тәрбиесінің маңызы жөнінде тағылымды ойлар айтылып, жамағатқа пайдалы насихаттар берілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz