Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мешіт аумағын көркейтіп, тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеу.
Сенбілік барысында мешіт ауласы мен оған іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, күл-қоқыс орындары ретке келтірілді. Тазалық жұмыстарына арнайы техника жұмылдырылып, жиналған қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.
Сонымен қатар мешіт қызметкерлері мен шәкірттері сенбілікке белсенді қатысып, аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы