Center Image
IHSAN.KZ
Рухани қауіптен сақтану – ортақ міндет
Рухани қауіптен сақтану – ортақ міндет

Бұқар жырау аудандық «Жырыс қажы» мешітінде жамағатқа жат діни ағымдардың зардабы мен қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мешіт имамы Ерлан Мамайұлы жамағатқа жат ағымдардың ерекшеліктері, олардың адам санасына, отбасы құндылықтарына және қоғам тұрақтылығына тигізетін зияны жөнінде кеңінен түсіндірді.

Уағыз барысында діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы айтылып, дін атын жамылған теріс идеологиялардан сақ болуға шақырылды. Сонымен қатар жастардың дұрыс діни білім алып, сенімді діни дереккөздерге жүгінуі қажеттігі түсіндірілді.

Жамағатқа дәстүрлі діни құндылықтарды берік ұстанып, жат әрі радикалды көзқарастардан аулақ болудың маңызы айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz