Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінде жамағатқа жат ағымдардың зардабы мен қоғамға тигізер кері әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мешіттің наиб имамы Тілманов Танат жамағатқа жат діни ағымдардың ерекшеліктері, олардың адам санасына және қоғамның тұрақтылығына тигізетін зияны жөнінде кеңінен түсіндірді.
Уағыз барысында діни білімді сенімді әрі дұрыс дереккөздерден алудың маңызы айтылып, дін атын жамылған теріс идеологиялардан сақ болуға шақырды. Сонымен қатар жастардың діни сауаттылығын арттыру, отбасы мен қоғам құндылықтарын сақтау мәселелеріне тоқталды.
Жамағатқа дәстүрлі діни құндылықтарды ұстанып, арандатушы әрі радикалды көзқарастардан аулақ болудың маңыздылығы түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы