«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жамағатқа «Адал ас, адал еңбек, адал қоғам» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтылды.
Уағыз барысында адалдықтың адам өміріндегі маңызы, адал еңбек етудің берекесі, адал ризықпен күн көрудің артықшылығы және қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершіліктің мәні кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар мұсылман баласының күнделікті өмірінде адалдық қағидаларын берік ұстануы қажеттігі айтылып, Құран аяттары мен хадистерден мысалдар келтірілді.
Шара барысында мешіт жамағатының құрметіне арнайы дастархан жайылып, көпшілікке ас берілді. Жамағат өзара пікір алмасып, рухани тағылым алды.
Мұндай игі шаралар қоғамда адалдық пен ізгілікті дәріптеп, жамағат арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы