Шет ауданы, Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде ұстаз Алия Рахманқызының ұйымдастыруымен «Пайғамбарымыздың ﷺ өмірі мен өнегесі» тақырыбында рухани іс-шара өтті.
Рухани шара барысында жамағатқа ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өмірі мен көркем мінезі, өнегелі жолы жайында уағыз-насихат айтылды. Сондай-ақ сира тақырыбы бойынша қатысушыларға викториналық сұрақтар қойылып, білімдерін сынауға мүмкіндік берілді.
Іс-шара кезінде мешіт шәкірті Инабат Пайғамбарымызға ﷺ деген сағынышын білдіретін жүрекжарды «Сағыныш хат» атты туындысын оқып, жиналған көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Шара соңында жамағатқа дастархан жайылып, Мәуліт жыры оқылды. Ақ жаулықты әжелеріміз ақ батасын беріп, игі тілектерін жеткізді.
Рухани басқосудың негізгі мақсаты – мұсылман қауымына Пайғамбарымыздың ﷺ өмірін танытып, оның көркем мінезі мен өнегелі жолын үлгі ету, жастардың діни сауатын арттыру және имандылық құндылықтарын насихаттау.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы