Center Image
IHSAN.KZ
«МҰРАТ АТА» МЕШІТІНІҢ АУЛАСЫНА 10 ШЫРША КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
«МҰРАТ АТА» МЕШІТІНІҢ АУЛАСЫНА 10 ШЫРША КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай Бұқар жырау ауданына қарасты Тегіс жол ауылдық «Мұрат ата» мешітінің ауласында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында мешіт ауласына 10 дана шырша көшеті отырғызылды. Игі бастаманың мақсаты – мешіт аумағын көгалдандырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосу.

Сонымен қатар жамағат пен ауыл тұрғындары тазалық пен көркейту жұмыстарына белсене қатысып, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.

Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау – баршаға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар туған жердің көркеюіне және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз септігін тигізеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz