Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде жамағатқа арналып рухани отырыс ұйымдастырылды.
Шара аясында жамағатқа арнайы дастархан жайылып, тағылымды басқосу өткізілді. Отырыстың негізгі мақсаты – жамағаттың рухани бірлігін нығайтып, діни сауатын арттыру және жүректерге имандылық нәрін ұялату.
Кездесу барысында мешіттің бас имамы Сайлау Жұмағұлұлы жамағатқа салауат айтудың артықшылығы жайында насихат айтты. Имам салауат айтудың сауабы мен мұсылманның рухани өміріндегі маңызына тоқталып, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауат айтудың жүрекке тыныштық, өмірге береке сыйлайтынын түсіндірді.
Сонымен қатар жамағатты салауатты жиі айтып, ізгі амалдарды көбейтуге, уақытты пайдалы өткізуге және көркем мінезді қалыптастыруға шақырды.
Рухани отырыс соңында жамағат өзара пікір алмасып, дастархан басында бас қосып, жылы әңгіме өрбітті. Осындай тағылымды кездесулер мешіт пен жамағат арасындағы байланысты нығайтып, бауырмалдық пен бірлікті арттыруға ықпал етуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы