«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Абай аудандық мешітінде жастарға арналған тағылымды уағыз-насихат жүргізілді.
Іс-шара барысында Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы мешітке жиналған жастар қауымына «Адал ас, адал еңбек, адал қоғам» тақырыбында уағыз айтты.
Уағыз барысында имам адалдықтың адам өміріндегі маңызына тоқталып, адал ризық табу, маңдай термен еңбек ету және қоғамға пайда келтіру – мұсылманның маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ адал еңбектің берекесі, адал астың адам болмысына әсері және қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершіліктің маңызы кеңінен түсіндірілді.
Асхат Қанайұлы жастарды кез келген жағдайда адалдықты ту етіп, білім алуға, еңбектенуге, уақытты тиімді пайдалануға және қоғамның дамуына өз үлесін қосуға шақырды.
Кездесу соңында жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Тағылымды басқосу жастардың рухани білімін арттырып, адалдық қағидаларын күнделікті өмірде ұстануға бағыт-бағдар берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы