Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде намаз оқуға ниеттенген әйел-қыздарға арналған «Намазға алғашқы қадам» атты интенсив өтті.
Іс-шараны мешіт ұстазы Әйгерім Берікболқызы ұйымдастырып, қатысушыларға намаздың маңызы мен оны дұрыс орындау тәртібі туралы түсіндірді.
Интенсив барысында намазға дайындық, дәрет алу тәртібі, намаздың шарттары мен парыздары, сондай-ақ намазда оқылатын сүре-дұғалар кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар теориялық біліммен қатар, намаз оқу тәртібін іс жүзінде орындап, өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.
Шараның басты мақсаты – намаз оқуға ниеттенген жандарға алғашқы қадам жасауға қолдау көрсетіп, құлшылықты дұрыс әрі жүйелі орындауға қажетті білім беру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы