Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің шәкірттері мешіт аумағында сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Игі шара барысында шәкірттер мешіт ауласын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Сонымен қатар мешіт аумағының тазалығы мен көркіне ерекше мән беріліп, қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосты.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеп, мешіт аумағын көркейту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы