Center Image
IHSAN.KZ
Молодежный кентінде нашақорлықтың зардабы жайлы уағыз айтылды
Молодежный кентінде нашақорлықтың зардабы жайлы уағыз айтылды

Осакаровка ауданына қарасты Молодежный кенті мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы мешіт жамағатына «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Уағыз барысында имам нашақорлықтың адам денсаулығына, рухани өміріне және отбасына тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндірді. Есірткіге тәуелділіктің жеке адамға ғана емес, тұтас қоғамға кері әсер ететіні айтылды.

Сонымен қатар жамағатты зиянды әдеттерден аулақ болуға, денсаулықты қадірлеуге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жастар тәрбиесіне көңіл бөліп, өскелең ұрпақты нашақорлықтан қорғаудың маңыздылығы атап өтілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz