Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы аудандық Жастар орталығында жастарға арналған кездесуде «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында имам нашақорлықтың адам өміріне, денсаулығына және рухани болмысына тигізетін кері әсері жайлы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ есірткіге тәуелділіктің отбасы мен қоғамға келтіретін зиянына тоқталып, жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға үндеді.
Митератбек Орынбекұлы жастарға уақытты тиімді пайдаланып, білім алуға, спортпен шұғылдануға және пайдалы істермен айналысуға шақырды. Сонымен қатар ислам дінінде адамның денсаулығы мен өмірін сақтауға ерекше мән берілетіні айтылды.
Кездесу соңында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы