Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде мешіт жастарына арналған «Адал ас, адал еңбек, адал қоғам» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Тағылымды жиын мешіт имамы Берік Алпысбайұлының жүргізуімен өтті. Уағыз барысында адалдықтың адам өміріндегі маңызы, адал еңбек ету, адал кәсіппен айналысу және қоғамға пайда келтірудің мәні түсіндірілді.
Имам жастарға адал ризықтың берекесі мен еңбектің қадірі жайында айтып, мұсылман адамның күнделікті өмірінде адалдықты басты ұстаным етуі қажеттігін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы