Нұра ауданына қарасты ауыл мешіттерінің имамдарына алдағы уақытта өтетін аттестаттауға дайындық жиыны жүргізілді.
Жиын барысында дін қызметкерлеріне аттестаттаудың талаптары мен бағыттары бойынша түсіндірме берілді. Кездесу барысында имамдардың білімін жетілдіру, діни сауаттылығын арттыру және қызметтік міндеттерін сапалы атқаруына қажетті мәселелер талқыланды.
Алдағы аттестаттау барысында дін мамандары Құран, фиқһ, ақида пәндері бойынша білімдерін сынақтан өткізумен қатар, имамның тұлғалық келбеті, қызметтік әдебі, жамағатпен жұмыс жүргізу мәдениеті секілді бағыттар бойынша да сыналады.
Аталған талаптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған құжаттар мен бекітілген талаптар негізінде жүзеге асырылады.
Жиын соңында имамдарға аттестаттауға жүйелі түрде дайындалып, білімдерін пысықтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы