Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде ақида бағыты бойынша жүргізілген «Кәләм ілімі» және «Тахауи ақидасы» сабақтары сәтті аяқталды.
Осыған орай білім алған шәкірттермен арнайы қорытынды отырыс ұйымдастырылып, білім жолындағы табандылығы мен ынтасын танытып, оқу бағдарламасын толық аяқтаған шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталды.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ: «Алла кімге жақсылық қаласа, оған дінді түсіндіріп қояды», – деген.
Жиын барысында шәкірттерге алған білімдерінің пайдалы болуына, жүректеріне нұр, өмірлеріне береке тіленді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы