Center Image
IHSAN.KZ
Ақтоғай аудандық мешітінде мәйітті жуындыру және кебіндеу бойынша практикалық дәріс өтті
Ақтоғай аудандық мешітінде мәйітті жуындыру және кебіндеу бойынша практикалық дәріс өтті

Ақтоғай аудандық мешітінің ұстазы Еркеназ Шалқарқызы жамағатқа «Мәйітті жуындыру және кебіндеу» тақырыбында түсіндірме-практикалық дәріс өткізді.

Дәріс барысында мәйітті жуындыру мен кебіндеудің шариғаттағы тәртібі, орындалу жолдары және осы рәсімге қатысты маңызды діни талаптар кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар қатысушыларға мәйітті жуындыру және кебіндеу амалдары іс жүзінде көрсетіліп, практикалық тұрғыда түсіндірілді.

Іс-шараның мақсаты – жамағатқа мәйітті жөнелту рәсімдерін шариғат талаптарына сай орындаудың маңызын түсіндіру және қажетті діни білімді арттыру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz