Ақтоғай аудандық мешітінің сыртқы келбетін көркейту мақсатында мешіт ғимаратына жаңа маңдайша жазу (вывеска) орнатылды.
Игі іске ауыл тумасы, кәсіпкер Мусин Дархан Шәмелұлы қолдау білдіріп, мешітке қажетті маңдайша жазуды жаңартып берді.
Мешіттің көркеюіне өз үлесін қосып, сауапты іске демеу болған азаматқа мешіт жамағаты атынан алғыс білдірілді.
Осындай игі бастамалар – туған жерге деген жанашырлықтың, елге қызмет етудің және мешітке қолдау көрсетудің жарқын үлгісі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы